Ақпараттық хат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Bolashaq» академиясы» Жеке меншік мекемесі
2312-4784 ISSN–ДІ «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАРДЫҢ РӘСІМДЕЛУ ТӘРТІБІ МЕН ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАРЫ
І. ЖУРНАЛ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
«Қазіргі заманғы маңызды мәселелер» – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінен тіркеуден өткен (25.09.2015 ж. алынған куәлік №15583-Ж) халықаралық ғылыми журнал, Қазақстан Республикасы аумағындағы жазылу индексі -75319. Сондай-ақ журнал өз өнімдерін Ресей Федерациясының аумағындағы шетелдік жарияланымдарда тарату құқығына ие (2006 жылғы 6 шілдедегі №78 РП рұқсаты, «Ресей баспасөзі» каталогі № 000053), Ресей аумағындағы жазылу индексі -88044. «Bolashaq» академиясы мен Ресей Федерациясының «Ғылыми электронды кітапханасы» ООО 2016 жылғы 18 ақпандағы №75-02 / 2016 келісімшарт негізінде РИНЦ ғылыми-техникалық деректер базасына енгізу туралы келісімге қол қойды.«Қазіргі заманғы маңызды мәселелер» халықаралық ғылыми журналы Қазақстан және шет елдік ғалымдардың заманауи ғылым саласындағы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін төменде көрсетілген тақырыптық рубрикатор бойынша ашық баспада жариялайды.
Кесте 1. Тақырыптық рубрикатор
№ |
Секция |
РИНЦ (Ресей) |
1. | Құқықтану | Мемлекет және құқықҚұқықтану ғылымдары |
2. | Экономика | Экономика. Экономикалық ғылымдар |
3. | Техникалық ғылымдар | |
4. | Педагогика | Халықтық білім беру. Педагогика |
5. | Филология | |
6. | Гуманитарлық ғылымдар | |
7. | Фармация, химия |
Журналдағы мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады. Жарияланым туралы шешім редакциялық алқаның плагиатқа қарсы тексерісінен кейін (түпнұсқалығы 50% кем емес) қабылданады.
Баспаға қабылданатын мақалалардың ғылыми маңыздылығы мен өзектілігі ескеріледі. Кері қайтарылған мақалалар түзетілгеннен кейін редакциялық алқаның қайта тексерісінен өтеді.
Журнал материалдарының жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін редакция алқасы мақала авторларына тиісті ережелерді орындауға кеңес береді. Аталған ережелерді орындамай жіберілген мақалалар қарастырылмайды. Журналдың жариялану жиілігі 1 тоқсанда бір рет (жылына 4 рет).
ІІ. АВТОРЛАРҒА ҰСЫНЫС
Кесте 2. Журнал рубрикасының қалыптасуы бойынша редакция алқасының жауапты мүшелері
№ | Рубрика атауы | Жауаптылардың аты-жөні | Байланыс мәліметтері |
1. | Құқықтану |
з.ғ.к., профессор Хан Александр Леонидович |
+77015123978, kaforp@mail.ru |
2. | Экономика | э.ғ.к., доцент Пименов Александр Васильевич | +77013370263, 3620733@mail.ru |
3. | Техникалық ғылымдар | т.ғ.к., профессор Шащанова Майра Балиевна |
+77019518997, maira1@mail.ru |
4. | Педагогика | п.ғ.к., доцент
Бокижанова Галия Каскарбековна |
+77473479533+77014829723
|
5. | Филология | филол.ғ.м., доцент Абдрахманов Рустем Хасенович |
+77055899811, a.rustem1971@mail.ru |
6. | Гуманитарлық ғылымдар | с.ғ.м., аға оқытушы Гинкель Татьяна Анатольевна | +77004346274, ginkelt@mail.ru |
7. | Фармация, химия | м.ғ.к., доцент Пахомова Дамира Кенесовна |
+77001083802, pahomova.damira@mail.ru |
Авторларға арналған нұсқаулық
1. Жалпы талаптар
– Мақала көлемі: 4000–8000 сөз.
– Файл форматы: Microsoft Word (.docx).
– Парақ форматы: А4
– Жиектер: барлық жағынан 2,5 см.
– Қаріп: Times New Roman.
– Қаріп өлшемі: 12 pt.
– Жоларалық интервал: 1.
– Абзац шегінісі: 0,8 см.
– Туралау: мәтін толықтай (Justified).
– Беттер нөмірі: төменгі оң жақ бұрышта.
2. Мақала құрылымы
1. Мақала атауы – 14 pt, қалың (bold), ортасына жазылады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
2. Автор(лар): толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, қызмет орны, ел, ORCID, e-mail.
3. Аннотация: 200–250 сөз. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
4. Кілт сөздер: 5 сөз. Үш тілде.
5. Негізгі мәтін:
– Кіріспесі
– Әдісі (Материалдар мен әдістер)
– Нәтижелері мен оның талқылауы
– Қорытындысы
6. Алғыс айту (Acknowledgements) – қажет болған жағдайда.
7. Қаржыландырылуы (Funding statement).
8. Мүдделер қақтығысы (Conflict of Interest).
9. Авторлардың үлесі (Author Contributions).
10. Деректерге қолжетімділігі (Data availability).
11. Әдебиеттер тізімі – APA 7 стилінде.
3. Кестелер мен суреттер
– Кестелер: нөмірленіп, атауы үстіне жазылады (Кесте 1 – Зерттеу нәтижелері).
– Суреттер: нөмірленіп, атауы астына жазылады (Сурет 1 – Дыбыстардың семантикалық сәйкестігі).
– Формат: суреттер JPEG/PNG (300 dpi кем емес), кестелер Word ішінде.
– Орналасуы: мәтін ішінде қолданылған жерге жақын.
– Сілтеме: мәтінде міндетті түрде берілуі тиіс.
4. Әдебиеттерді рәсімдеу (APA 7 стилі)
– Мәтін ішінде сілтеме: (Автор, жыл). Мысалы: (Sapir, 1929); (Хусаинов, 1988).
– Тікелей цитата:
Қысқа (40 сөзге дейін): «…мәтін…» (Автор, жыл, б. 45).
Ұзын (40 сөзден артық): бөлек абзац, сол жақтан шегініспен, тырнақшасыз.
– Әдебиеттер саны: кемінде 25, соңғы 5 жылдағы Scopus/WoS мақалалары болуы тиіс.
– Тізім: алфавит бойынша.
– Қазақ және орыс әдебиеттері: транслитерация жасалып, ағылшынша аудармасы жақша ішінде беріледі.
5. Ғылыми этика
– Түпнұсқалық: мақала бұрын жарияланбаған, басқа журналға ұсынылмаған болуы тиіс.
– Плагиат: Антиплагиат жүйесінде тексеріледі (≤ 15%).
– Этика: адам қатысқан зерттеулер үшін этикалық комитеттің рұқсаты немесе ерікті келісім көрсетілуі тиіс.
Төлем реквизиттері
Кімге: : «Bolashaq» академиясы» Жеке меншік мекемесі
Төлем тапсырмаларында көрсетілуі тиіс: APS Халықаралық журналында мақала жариялау үшін,Тақырыбы: «______________________________________________» 100008, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 16/6, Тел: (7212) – 420425, факс: (7212) -420421БИН 950640001690, Kbe 17, КНП 861ИИК KZ376010191000066207БИК HSBKKZKX«Қазақстан Халық банкі» АҚ